Ағымдағы жылдың 23 тамызында Денсаулық сақтау және әлеуемттік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттері өклдерінің медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларының бағасын ұстап тұру бойынша жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде бағаның өсуі анықталған жоқ. Сондай-ақ, тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлер Меморандум аясында құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау болып табылады.