27-тамызда Қазақстан мен МАГАТЭ арасында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27-тамызда Қазақстан мен МАГАТЭ арасында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылады

24.08.2015
27-тамызда Қазақстан мен МАГАТЭ арасында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойылады

Астанада өтетін салтанатқа Ұлыбританияны, Қытайды, Ресейді, АҚШ-ты және Францияны, сондай-ақ жобаның демеуші елдері ЕО-ны, Норвегияны, Кувейтті, БАӘ-ні қоса алғанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше мемлекеттер өкілдері қатысады. Келісімге Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан – Ұйымның Бас директоры Юкия Амано қол қояды.

ТБУБ дүниежүзі елдерінің атом электр станцияларына арналған отынға сенімді түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) аумағында орналасатын болады.

Қол қою рәсімінен кейін ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың, ҚР Энергетика министрі В. Школьниктің, МАГАТЭ Бас директоры Ю. Аманоның, «Ядролық қауіпті азайту бастамасының» (Nuclear Threat Initiative) аға атқарушы директоры С. Нанның қатысуымен баспасөз-конференция өтеді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу