Оралда әр сенбі сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда әр сенбі сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда

24.08.2015
Оралда әр сенбі сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда

Ертеңгілік сағат тоғыз бен түскі  13.00-ге дейін жоспарланған  орталық көшедегі азық-түлік жәрмеңкесіне жұртшылық көп жиналып, онда олар арзан бағаға қажетті азықтарын сатып алған.

Қала әкімдігінің мәліметтерінше жәрмеңкеде қарбыз-қауын – 25-30, сәбіз – 80, картоп – 60  теңгеден сатылған. Жәрмеңке әр сенбі сайын қазан айына дейін ұйымдастырылатын болып шешіліпті.

Жәрмеңкеге Орал қаласы мен облысқа жақын үш ауданнан отызға тарта кәсіпкер тауарларын алып келген. Мұнда  азық-түлік бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан.

Зеленов  ауданынан келген Наталья Михайлованның айтуынша, жәрмеңкеге келушілер көп. 

«Таңғы тоғыздан бастап өзіміз өндірген бау-бақша өнімдерін тұрғындарға ыңғайлы  бағамен ұсындық. Әсіресе,  жүгері мен асқабаққа сұраныс көп. Сағат онға дейін аталмыш өнімдердің 50 келісін саттық.  Қандай өнімге сұраныс жоғары екенін білдік. Осындай жергілікті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жиі ұымдастырылса,  тауарларымызды қайда сатамыз деген мәселе туындамас еді», – дейді ол.

Хабарламаларға жазылу