Туристер ең жиі келетін Балиде жұқпалы аурулар көрсеткіші артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристер ең жиі келетін Балиде жұқпалы аурулар көрсеткіші артқан

23.08.2015
Туристер ең жиі келетін Балиде жұқпалы аурулар көрсеткіші артқан

Бали - әлемдегі ең қауіпті туристік мекен. Австралияның Денсаулық министрлігі осылай деп дабыл қағуда.

Австралиялық эпидемиологтар туристер ең жиі келетін Балиде жұқпалы аурулар көрсеткіші артқандығын ескертеді. Олардың айтуынша, мұнда келген туристер жаппай түрлі дерттерге шалдыққан.  

Елдің Денсаулық министрлігі 2006 жылдан 2012 жылға дейін Австралиядан Индонезияға қатынаған әуе рейстерінің саны 5 есеге өскенін есепке ала атырып, туристерге ақпараттық науқан жүргізу керек деп санайды.

Өткен жылы австралиялық туристерден 2605 инфекция тіркелген. Олардың 41 пайызы Бали сапарымен байланысты.

2012 жылы 415 адам денге безгегіне шалдыққан. Бұл - Батыс Австралия бойынша дертке шалдыққандардың 80 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, туристердің гастроэнтерит, сальмонелла (263 адам), кампилобактериоз (157), хламидиоз (95) және гонорея (37) індеттерін жұқтырғаны анықталды.   Ал, 157 адам құтырма дертіне қарсы терапиядан өтуде. 

Хабарламаларға жазылу