Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тұрғындарды жұмыспен қамту үшін белсенді шаралар атқаруда.
Биылғы жылдың басынан бастап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 82 мың адам жұмысқа орнылыстырылған, олардың 63-і тұрақты жұмыс орнын тапты. Уақытша жұмысқа 18,8 мың адам орналастырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша, 2015 жылы 513 жоба жүзеге асырыла бастады, олардың 151-і осы уақытта аяқталды, 6,6 мың адам жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, кәсіпкерлік негіздеріне 2,2 мың адам үйренді. Олардың 2063 адамы 4,8 миллиард теңгеге несие алды. Олардың расында 1 мың 377 азамат алғаш рет кәсіпкерлікке бел буып отыр. Тағы 911 адам қайтарылмалы шағын несие алып, қосымша 2,5 мың жұмыс орны ашылды.
Үшінші бағыт бойынша, кәсіби білім берумен 13,8 мың адам қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 8,2 адам тұрды. Жастар тәжірибесіне 7,7 мың адам тартылып, 40 мың адам мемлекеттік қолдау шаралары пайдаланылмастан жұмысқа тұрды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.