Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті

21.08.2015
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті

Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ бес институционалдық реформаның және «Нұрлы жол» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негізделуі тиіс екендігін айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты  тапсырмалар берілді.

 

Хабарламаларға жазылу