Білім беру процесіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу»» тақырыбында сессия өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру процесіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу»» тақырыбында сессия өтеді

21.08.2015
Білім беру процесіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу»» тақырыбында сессия өтеді

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен осы саладағы өзге де бірқатар ұйым, мекемелер тарапынан ұйымдастырылатын шараға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, түрлі деңгейдегі білім басқармаларының басшылары ата-аналар жұртшылығының өкілдері, ғалым-педагогтар  қатысады.

«Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік пен бірлікті насихаттауға. Сол себепті «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс», делінген Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ онда осы идеяны іске асыру аясында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы сияқты қоғамдық-гуманитарлық оқу пәндерінің мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілгендігі айтылады.

Панельдік сессия жұмысының барысында өскелең ұрпақ тәрбиесінде «Мәңгілік Ел» құндылықтарын «Ұлт жоспары «100 қадам» контексінде білім беру процесіне, «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталықтарының және «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталықтарының жұмысына енгізудің ең маңызды проблемаларына ерекше көңіл бөлінеді.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу