Греция Президенті Ципрастың отставкаға кетуіне қарсы емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Греция Президенті Ципрастың отставкаға кетуіне қарсы емес

21.08.2015
Греция Президенті Ципрастың отставкаға кетуіне қарсы емес

Греция президенті Прокопис Павлопулос осы елдің Премьер-Министрі Алексис Ципрастың  өтінішін қанағаттандырды.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Ципрас бесенбі күні Греция президентіне өзінің отставкаға кететіні туралы өтініш берді. Мемлекет басшысымен болған жүздесуде ол уақытша министрлер кабинетін қалыптастыру қажет екендігін мәлім етті. Президент болса өзінің міндеттерін Конституцияға сәйкес атқаратындығын айтып, үкіметтің отставкаға кетуіне қарсылық білдірген жоқ. 

Осыған дейін Ципрас теледидар арқылы мемлекеттік қарыздарға қатысты мәселе бойынша келіссөздерді кім жүргізетінін, кімнің радикалды  реформалар жүргізетінін халық шешуі керектігін мәлімдеген болатын.   

Бұған қоса, Ципрас кезектен тыс Парламенттік сайлау туралы жария етті.  Алайда, ол сайлау өтетін күнді белгілеген жоқ. Дегенмен, сайлау 20 қыркүйекте өтеді деген болжам бар.

Греция үкіметінің бүгінгі таңда Парламенттегі саны басым емес және олар билік партиясының атынан түскен 120 депутатқа үміт артады. Бұл өте аз. Кабинет өз заңдарын оны тек оппозициялық партиялар атынан түскен депутаттар қолдаған жағдайда ғана  өткізе алады.

Радикалды солшыл күштер коалициясының көшбасшысы болып табылатын Алексис Ципрас Грецияның жаңа Премьер-министрі ретінде 26 қаңтарда Ант қабылдаған болатын. Ол Грецияның соңғы 150 жылдағы ең жас Үкімет басшысы болып отыр.

 

 

Хабарламаларға жазылу