Йеменге қару қақтығысы салдарынан аштық қаупі төніп тұр, деп мәлімдеді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері. Ұйымның атқарушы директоры Эртарин Казиннің сөзінше, жергілікті халық азық-түлік, ауызсу және жанармай жетіспеушілігінен зардап шегуде. 13 миллионға тарта халық көмекке мұқтаж.
БҰҰ-ның мәліметінше, қақтығыс болған төрт ай ішінде 2000-нан астам бейбіт тұрғын мерт болып, 1,4 миллион тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.
Көтерілісші-хуситтер Йемен үкіметінің әскерилері және олардың одақтастары Сауд Арабиясы қарамағындағы халықаралық коалициямен соғысуда.
Казин Йемендегі үш күндік гуманитарлық көмек беру акциясының елдің біраз аймақтарына жетпегенін айтты. Оған кедергі – тоқтамай жатқан қақтығыстар.