«Лукойл» Caspian Investments Resources LTD компаниясының үлесін сату бойынша жұмыстар аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Лукойл» Caspian Investments Resources LTD компаниясының үлесін сату бойынша жұмыстар аяқталды

20.08.2015
«Лукойл»  Caspian Investments Resources LTD компаниясының үлесін сату бойынша жұмыстар аяқталды

Сатып алу және сату келісімі бойынша, «Лукойл»  1 087 млн доллар пайда түсіреді.

Caspian Investments Resources LTD Қазақстандағы 5 көмір өндірілетін кенішті дайындауға атсалысады. Лукойл аталмыш кеніштерді дайындау жобасына 2005 жылдың желтоқсан айында кірген болатын. Соңғы он жылда 1 мың 600 кеніш бұрғыланып, мұнайды өндіру қуаты арттырылып, пласт қысымын қолдау жүйесі жаңғыртылып,  қосымша мұнай газын утилизациялау бойынша бірқатар нысандар іске қосылған.

2006 жылдан бері аталған жобалар бойынша «Лукойлдың»   үлесіне жинақталған олжа 13 млн тонна мұнай мен 300 млн текше метр тауар газын құрады.   

Қазіргі таңда «Лукойл»   Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл сияқты мұнай-газ жобаларындағы  жұмысын жалғастыруда.  Сонымен қатар, ол Каспий құбыр желісі консорциумының қатысушысы.

2014 жылы «Лукойлдың»  Қазақстанның өндірісіндегі үлесі 4,3 млн тонна мұнай мен 1,5 текше метр  тауар газын құрады. Компания әлі күнге дейін елдегі ірі ресейлік инвестор мәртібесін иеленіп отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.   

 

  

  

Хабарламаларға жазылу