Бұл жолғы дағдарыс экономиканың барлық бағыттарын қамтып отыр - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл жолғы дағдарыс экономиканың барлық бағыттарын қамтып отыр - Президент

20.08.2015
Бұл жолғы дағдарыс экономиканың барлық бағыттарын қамтып отыр  - Президент

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңес барысында айтты.

Президент сөзінде осыған дейінгі дағдарыстың елдің қаржы жүйесіне кері әсер етіп, ел банктерінің жағдайы алаңдатқандығын айтты. «Біз ол уақытта банктерімізге қол ұшын созып, тығырықтан барынша аз  шығындармен шықтық. Онда Ұлттық қордан 10 млрд доллар көлемінде қаржы алған болатынбыз. Олар шетінен қайтадан қайтарылды да. Ал, біздің қазіргі бастан өткеріп жатқанымыз бұрынғыдан мүлдем бөлек. Ол барлық бағыттарды қамтып отыр, қаржы саласында, ең бастысы өнеркәсіп саласына зардабын тигізіп отыр. Жекелеген секторлар емес, толық құлдырау байқалуда. Ал, алдыда бұл үрдістің қалай сипат алатынын ешкім де дөп басып айтып бере алмай отыр»,-деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әрбір кәсіпорын мекеме өкілдерінің қандай да бір болжамдарға сене бермей, қандай бағытта қалай жылжу қажеттігін құрғақ есепке негіздеп, нақтылап алуы керек. «Біз алдағы бірнеше жылда мұнай бағасының өте төменгі жағдайында өмір сүретіндігімізді жадымызда ұстауымыз керек. Соған бейімделу керек»,-деді Президент.      

 

Хабарламаларға жазылу