Елімізде қант қызылшасының жаңа түрі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қант қызылшасының жаңа түрі пайда болды

20.08.2015
Елімізде қант қызылшасының жаңа түрі пайда болды

Бұл туралы Ескелді ауданында өткізілген «Алқап күні» семинар-жиынындағы көрме  барысында белгілі болды.

«Хильниченко и К» шаруа қожалығының қызылша алқабының басында ұйымдастырылған семинар қант қызылшасын өсіру мен жинаудағы жаңа технологияларға арналған болатын. Жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Семинардың алғашқы бөлігінде қатысушылар қант қызылшасын жинайтын және тасымалдайтын техникаларды, сол сияқты шаруашылықтарда қолданылып, тәжірибеден өткен түрлі витаминдер, гербицидтер, тыңайтқыштарды тамашалады. Облыс әкімі А. Баталовқа Өтенай ауылындағы ғылыми-тәжірибелік орталық базасында дайындалып, өсірілген қант қызылшасының «Ақсу-гибрид» жаңа сорты таныстырылды. Көрмеде ұсынылған тәтті түбірдің салмағы 4 келі 200 грамм тартады. Жалпы 18 га жерге осындай сорт егілген.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың тамызында облысымызға жасаған жұмыс сапарында қант қызылшасын қайта түлетуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып, облыстың қызылшаға төселген 5 ауданында 4 мың га жерге қант қызылшасы себілген.  

 

Хабарламаларға жазылу