Алдағы 3 жылда ел бюджеті мұнай бағасы барреліне 40 доллар болады деген болжаммен қалыптасады - К.Мәсімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 3 жылда ел бюджеті мұнай бағасы барреліне 40 доллар болады деген болжаммен қалыптасады - К.Мәсімов

20.08.2015
Алдағы 3 жылда ел бюджеті мұнай бағасы барреліне 40 доллар болады деген болжаммен қалыптасады - К.Мәсімов

«Мемлекет бюджеті 2016-2018 жылдары мұнайдың баррелі 40 доллардан болады деген есеппен жасалады. Егер Ираннан санкциялар алынатын болса, мұнай бағасы 10 долларға дейін түсуі мүмкін деген болжам да жоқ емес. Біз осы сияқты факторлардың барлығын негізге ала отырып, мұнай бағасы орта есеппен алғанда 40 доллар болады деп отырмыз»,-деді Үкімет басшысы.

Ұлттық қор қаражатына қатысты мәселе жөніндегі сөз қозғаған К.Мәсімовтың айтуынша,  алдағы уаықтта елді бүгінгіден де үлкен қиындықтар күтіп түруі әбден мүмкін.

«Сондықтан біз, Ұлттық қордан қосымша ресурстар алмаймыз, өйткені ұлттық қор  қаражаты бізге әлі қажет болады. Біз бүгінгі таңда алдын ала келісім бойынша, ағымдағы  бюджет үшін 8 млрд доллар, "Нұрлы жол" бағдарламасы үшін 3 млрд доллар жұмсаймыз.  Басқадай шығындар болмайды.  Бұл біздің ішкі нарықтан пайдаланатын қаржымыз. Біз сонымен қатар, сыртқы капитал нарығына шықпаймыз деп шештік. Бұл қадамға барғанша біз өзіміздің шығындарымызды қысқартамыз»,-деді Премьер-Министр.     

Хабарламаларға жазылу