Астана мемлекеттік мұрағатында 40 мыңға жуық жәдігер сақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мемлекеттік мұрағатында 40 мыңға жуық жәдігер сақталған

19.08.2015
Астана мемлекеттік мұрағатында 40 мыңға жуық жәдігер сақталған

Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жұмыс істеп келеді. Мекемеде көне тарихтан сыр шертер 40 мыңға жуық жәдігер сақталған. Тарихи мұралардың барлығы арнайы тіркеуден өтеді. Әр құжат маңыздылығына қарай алфавиттік   абонемент қорапшаларына тапсырылады.

«Біздің мұрағатта 15 бөлім бар. Ол 15 бөлім әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы,  бірі құжат тапсырғалы отырған мекемемен жұмыс істесе,  енді бірі сол құжаттарды есепке алумен айналысады. Құжаттар мұрағатқа тапсырылмас бұрын арнайы сараптау-тексеру комиссиясынан өтеді»,-дейді мұрағат жұмысына тоқталған бөлім меңгерушісі Мөлдір Сүгіралина.

Мұрағат қорында Қазақ хандығының құрылуы  мен қалыптасуына қатысты көршілес елдердің мұрағаттарынан алынған құнды құжаттар жетерлік. Атап айтсақ, Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Анна Иоанновна мен Абылай ханның Екатерина патшайыммен алмасқан хаттары кездеседі. 

Бұдан бөлек, мұнда Алаш ардақтыларына да қатысты жәдігерлер сақталған. Қазақ зиялыларының биографиялық көрсеткіштері мен жеке іс қағаздарының көшірмелері өткен ғасырдан сыр шертеді.

Мұрағаттың өзге де құнды құжаттары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу