Ақтөбе облысының 809 тұрғыны «Бизнес-кеңесші» атты тренингі арқылы кәсіпкерлік тәсілдерін үйренді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының 809 тұрғыны «Бизнес-кеңесші» атты тренингі арқылы кәсіпкерлік тәсілдерін үйренді

18.08.2015
Ақтөбе облысының 809 тұрғыны  «Бизнес-кеңесші» атты  тренингі арқылы кәсіпкерлік тәсілдерін үйренді

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы  аталған жобаның бірінші кезеңін сәтті аяқтады. Онда "Бизнес-Кеңесші" жобасы жүзеге асырылып, оқыту жұмыстары екікүндік тренинг түрінде өтті, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. 

«2015 жылдың 12-мамыры мен 31 шілдесі аралығында, 23 тренинг өтіп, 809 адам оқытылды, соның ішінде Ақтөбеде 277 адам кәсіпкерлік саласы бойынша сауаттарын арттырып, аудан орталықтары мен шағын қалалардың 532 тұрғыны білімдерін жетілдірді»,-дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев.

"Бизне-кеңесші" жобасына қатысушылар арасында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша, оған қатысқан 234 адам өздерінің бизнестерін құрып, оны кеңейтуде, 55-і қаржы институттарынан 100,5 млн теңге көлемінде қолдауға ие болған. 76 адам ауыл шаруашылығы, сауда, жүк тасымалы, түрлі қызметтер мен өндіріс бойынша жаңа салаларды игерген.   

 

Хабарламаларға жазылу