Биылғы жылдың 17 тамызынан 18 тамызына қараған түні Мәскеу қаласының «Домодедово» әуежайына Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Сирия Араб Республикасынан үш Қазақстан азаматтары жеткізілді. Олар 1970 жылы туылған Салама Татьяна Алексеевна мен оның балалары 1998 жылы туылған Салама Риад пен 2008 жылғы Салама Искандер.
Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде.