Қазақстан аумағы арқылы жүретін транзиттік контейнерлік пойыз тасымалы үш есеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағы арқылы жүретін транзиттік контейнерлік пойыз тасымалы үш есеге өсті

17.08.2015
Қазақстан аумағы арқылы жүретін транзиттік контейнерлік пойыз тасымалы үш есеге өсті

Биылғы жылдың жеті айында Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есеге жақындады.  2014 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткен контейнерлік транзиттік пойыздар саны 80-ғана болса, биылғы жылғы жеті айда 234 пойыз жасақталып, үш есеге артқан. 

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жыл қорытындысы бойынша, 40 мың контейнерден тұратын 510 контейнерлік пойыз жасақтау жоспарланып отыр.  Көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 40 есеге жоғары.

2011 жылдан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға  тұрақты контейнерлік пойыз жүре бастады. Содан бері тасымалдау көлемі 17 есеге артты. Оны өткізу белгіленген кестеге сай, тауарларды қысқа мерзімде «есіктен-есікке дейін» тәртібімен 14-15 тәулікте жеткізеді. Қазіргі таңда Түрікменстан, Иранның қатысуымен бәсекеге сай, қосымша жүк ағындарын тарта отырып, оларға жеңілдіктер қарастыру мәселесі алдыңғы қатарда тұр.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу