Қытайдың Тяньцзинь қаласында порт қоймасындағы жарылыстан келген сақтандыру шығыны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.
«Сақтандырылған шығын көлемін нақты анықтауға әлі ертерек. Алайда, ол үшін бірнеше компания жұмылдырылды. Алғашқы есептеулер бойынша шығын көлемі 1-15, миллиард АҚШ долларын құрады», деді «Credit Suisse» сарапшысы Ариан ван Вин.
Сараптама Қытай бұқаралық ақпарат құралдарындағы түрлі жазбалар негізінде құрастырылған.
Соңғы деректерге сай, порттағы тротил эквивалентінде жалпы қуаттылығы 24 тоннаны құрайтын екі жарылыстан 114 адам қаза тапқан. 700-ге жуығы жараланды. 70 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.