Мұғалімдердің отырысында алғаш рет аудандардың тұрғындарымен селекторлық кері байланыс ұйымдастырылды, олар министрге онлайн режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Аслан Сәрінжіпов Қызылорданың жетістіктерімен қуантып отырғандығын атап өтіп, аймақтың білім саласына жоғары баға берді және Қызылорда облысындағы әріптестердің жұмысына табыс тіледі.
Осылай, республикамызда 25 жасқа дейінгі жас кадрлардың үлесі 11 пайызды құрайды, ал Қызылорда облысында - 16. Енді ғылыми дәрежесі бар магистр оқытушылардың санын арттыру қажет.
Конференция барысында, бірқатар мұғалімдер «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» ҚР БҒМ төс белгісімен; облыс әкімінің дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Арнайы марапат № 9 қазақ-түрік лицейіне бұйырды. Халықаралық жарыстардағы көптеген жеңістері және тұрақты жоғары көрсеткіштеріне орай лицей ұжымы 17 миллион теңге көлемінде грантқа ие болды.