Татарстан әншісі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап ән салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан әншісі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап ән салды

17.08.2015
Татарстан әншісі  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап ән салды

Астана қаласының мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Эльмира Әмірова қала әкімдігінің қоладуымен өзінің концерттік бағдарламасын өткізді.

Эльмира Әмірова сахна төрінде қазақ, татар, корей, грузин, украин тілдерінде ән шырқап жүргеніне қырық жыл болыпты. Бүгінде ол "Қазақстан халқының бірлігі" конкурсының және "Жиде йолдыз" телевизиялық ән фестивалінің лауреаты.

Мерекелік концерт аясында халықаралық ән байқауларының жүлдегері, Башқұртстан Республикасы Мәдениет және Ұлттық саясат министрлігі өткізген "Дуслык Моно" конкурсының жүлдегері Дамир Өтекеев те халыққа өз өнерін паш етті.

 

Хабарламаларға жазылу