EXPO көрмесінің мақсаты – адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселелерді көтеру.
Сарапшылар көрменің 160 жылдан астам тарихында жаһандық проблемаларға шешім таба білгенін айтады. Мәселен, соғыстан кейінгі жылдары дағдарыстан шығу, экономика мен сауданы дамытуға даңғыл жол ашты.
Сонымен қатар, көрме жаңа технологияларды өмірге әкелетін алаңға айналды. Бір кездері қазір біз қолданып жүрген комьпютер, теледидар, ұялы телефондар да инновациялық жоба ретінде таныстырылған.
Мамандар 2017 жылы елімізде өтетін халықаралық көрменің негізгі тақырыбы – баламалы қуат көздерінің де дамуына кәміл сенімді.
Бүгін 19:10-да көрменің ерекшелігі, мақсаты туралы «EXPO – 2017» хабарынан көріңіз.