400 мыңнан астам адам Бразилия Президентінің саясатына қарсы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

400 мыңнан астам адам Бразилия Президентінің саясатына қарсы шықты

17.08.2015
400 мыңнан астам адам Бразилия Президентінің саясатына қарсы шықты

Бразилия басшысы Дилма Русефке қарсы қарсылық шаралары 16- тамыз күні осы елдің бірнеше қалаларында өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, демонстрацияларға 419 мың адам қатысқан.

Олар Бразилияның бірнеше көшелерінде "Дилма кет" деген ұран көтеріп шығып, ел президентіне импичмент жариялауды ұсынып отыр. Қарсылық шаралары негізінен ел астанасы Бразилиа мен Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро сияқты ірі қалаларды өтті, деп хабарлайды Риа новости. 

Ұйымдастырушылардың мәліметтерінше, қарсылық шараларына кемінде 664  мың адам шыққан, ал полиция өкілдері олардың саны 419 мың болды деп мәлімдеп отыр.

"Біз бұдан былай мұндай жемқорлық әрекеттеріне және қиындықтарға төзе алмаймыз, егер конгресс өкілдері біздің жағдайымызды сәл де болса түсінетін болса, олар импичмент жариялау мәселесін  ойланулары керек",-дейді Сан-Паулу қаласындағы қарсылықты ұйымдастырушылардың бірі Рожериу Шекера.    

 

Хабарламаларға жазылу