Бүгін «Ливерпуль» - «Борнмут» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

17.08.2015
Бүгін «Ливерпуль» - «Борнмут» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

АПЛ-дың 2-ші туры аясында «Ливерпуль» өз алаңында чемпионаттың жаңа командасы «Борнмут» клубын қабылдайы.

Премьер лиганың алғашқы ойынында мерсесайдтық команда сырт алаңда «Сток Сити» клубын 1:0 есебімен жеңген. Ал, «Борнмут» өз стадионында «Астон Виллаға» бір гол айырмасымен есе жіберген еді.

Осы уақытқа дейін «Ливерпуль» командасы «Борнмутқа» бірде бір рет ұтылмаған. Ал, АПЛ аясында екі команда алғаш рет кездеспек.

Сонымен қатар, «Борнмут» клубы «Энфилд» стадионында 1927 және 1968 жылдары Англия Кубогында «Ливерпульге» 4:1 есебімен жеңілген.

Айта кетейік, АПЛ аясындағы «Ливерпуль» - «Борнмут» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу