Жыл басынан бері Астанадағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Астанадағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады

17.08.2015
Жыл басынан бері Астанадағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады

Астана әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгеймен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті және қолданыстағы баға бойынша 107,3 млрд. теңге болып отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өндірісінде, жиһаздан басқа ағаштан жасалған бұйымдарды өндіруде және сабан мен өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.

Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады. 2014 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгеймен салыстырғанда, шұжық өнімдерін өндіру 16,3 пайызға кеміп, макарон өнімдерін өндіру 10,9 пайызға өсті.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар  көлемі 106 пайыз болып,  тауарлы бетон көлемі 101,4 пайызға жеткен.  

 

 

Хабарламаларға жазылу