Жангелді Заманбеков – 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жангелді Заманбеков – 70 жаста

17.08.2015
Жангелді Заманбеков – 70 жаста

Ақын Жангелді Заманбековті көпшілік бір кездері «Қайрат» командасының қосалқы тобында қақпашы болған футболшы,  партия ұйымдарына басшылық еткен азамат ретінде де біледі. Бүгінде ақын 70 жасқа толып отыр.

«Жетпіс жас 25 жас емес. Есейгеніңді, қоғам алдында жауапты екеніңді осы кезде молынан сезінесің. Әлі де елге, жерге, қоғамға еңбегіміз сіңсін деп тер төгіп келеміз. Жетпіс жас – меніңше – еңбек. Осынша жасқа келдім деп қоғамға жүгіңді артып қою – ақындыққа жатпайды»,-дейді Жангелді Заманбеков.

«Жалпы, поэзияға кеш араластым. Дегенмен, көңілім әуелден өлеңде еді. Ештен кеш жақсы дейді, қазір бір кітап дайын болып қалды».

Өлеңдеріне бірыңғай қазақ хандарын тиек ететін ақын: «Қазақ – өткенін жақсы саралайтын халық. Қолжазбасы болмаса да, ел аузынан ғасырдан ғасырға жеткен жауһарлары бар халық. Қазақтың әр азаматы тарихын білуге міндетті. Ұлтымды сүйгендіктен болар, үнемі жырлағым келіп тұрады»,-дейді ақын.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу