«Таңшолпан» эфирге қайта оралды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» эфирге қайта оралды!

16.08.2015
«Таңшолпан» эфирге қайта оралды!

Әр таң сайын Ұлттық арнаның шымылдығын әсем әуен, тың ақпарат, қызықты сюжеттерімен ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жазғы демалыстан соң эфирге қайта шығады.

Бағдарлама бұған дейін көрерменге көтеріңкі көңіл күй, пайдалы кеңес, түрлі дене жаттығулары мен ас мәзірін ұсынып, шоу бизнес жаңалықтарынан да тыс қалдырмаса, ендігі тікелей эфирде көрсетілер қызық еселене түспек.

Студияда қонақта болатын танымал тұлғалардың тұщымды сұхбатын, әншілердің әуезді дауысын, бишілердің ерекше өнерін, спортшылардың жеңісін  және т.б. «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін таңғы бағдарламаның қызықтарын Ұлттық арнамен бірге көріңіз.

Хабарламаларға жазылу