16 тамызда Халықаралық астронавтика академиясы (IAA) құрылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 тамызда Халықаралық астронавтика академиясы (IAA) құрылған

16.08.2015
16 тамызда Халықаралық астронавтика академиясы (IAA) құрылған

1960 жылы 16 тамызда Стокгольмде XI  Халықаралық астронавтикалық конгрестің шешімімен Халықаралық астронавтика академиясы  (International Academy of Astronautics, IAA) құрылды. Академияның құрылуына ракетақұрастыру және аэродинамика саласы бойынша  профессор Теодор фон Карман мұрындық болды.

Бүгінде академия құрамында әлемнің 75 елінің ғалымы бар. Астронавтика саласындағы ең үздік ғалымдардың басын қосқан ғылым ордасы заманауи ғарыштық зерттеулерге бағытталған ұйым ретінде  әлемдік танымалдылыққа қол жеткізді.

Академияның негізгі міндеті – астронавтика ғылымын бейбіт мақсатта дамыту, астронавтикамен байланысты ғылым және техника саласында еңбек етіп жүрген жеке ғалымдарды қолдау, астронавтикалық зерттеулерді дамытуға арналған халықаралық серіктестік бағытындағы бағдарламалар жасау.

Жаңа ғарыштық технологиялардың қиындығы мен қымбаттығы  әлем елдері ғалымдарының біріккен күшін талап етеді. Тек сонда ғана Айдағы өмір немесе Марсқа сапар сынды жобаларды жүзеге асыруға болады. Сондықтан, ХАА көптеген ұлттық академиялармен тығыз байланыста.

Хабарламаларға жазылу