Автотұраққа ақша төлемегендерге арыз жазған Мәскеулік тұрғындар арнайы сыйлыққа ие болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автотұраққа ақша төлемегендерге арыз жазған Мәскеулік тұрғындар арнайы сыйлыққа ие болмақ

13.08.2015
Автотұраққа ақша төлемегендерге арыз жазған Мәскеулік тұрғындар арнайы сыйлыққа ие болмақ

Төлем төлеуді бұзғандарды тамыз айының соңынан бастап арнайы мобильді бағдарлама арқылы анықтауға болады, дейді Мәскеу көлік департаменті және жол-көлік инфрақұрылым департаментінің басшысы Максим Ликсутов.

«Алғашқыда тек ақылы тұраққа, кейін жая жүргіншілерге арналған жолдар мен, көгалдарға тұрақ жасауға тыйым салатын арнайы белгілері қойылады», -  дейди Максим Ликсутов.

 

Ликсутовтың сөзіне қарағанда, төлем төлемейтіндерге қарсы күрескендерді қосымша сыйлықтармен марапаттамақ. Мобильді бағдарламада адамға қатысты жеке деректер және көлік нөмірін де жазудың қажеті болмайды. Құрылғы сурет арқылы автоматты түрде көлікті өзі анықтайды.

Бірақ, бағдарлама жабық нөмірлерді, нөмірсіз көліктерді көліктерді және мүгедектерге арналған орынға тұрақ жасағандарды аныктай алмайды

Хабарламаларға жазылу