Бүгінгі тұсаукесер дәстүрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі тұсаукесер дәстүрі

12.08.2015
Бүгінгі тұсаукесер дәстүрі

Қазақтың тұсаукесер дәстүрі – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл – біреудің ала жібін аттамасын деген ұғым.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Ал, бүгінгі тұсаукесер дәстүрі қалай орындалып жүр? Дәстүрдің ережесі сақталған ба? Тұсауды кімге кестірген дұрыс?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарында әнші Сәкен Майғазиев қызы Раянаның тұсаукесер тойындағы қызықтарымен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу