Қазақстан мен Қырғызстан арасында кедендік бақылау алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан арасында кедендік бақылау алынып тасталды

12.08.2015
Қазақстан мен Қырғызстан арасында кедендік бақылау алынып тасталды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев үкіет басшыларына "Ақжол-автодорожный" өткізу-бақылау тірегіндегі кедендік шекараларды ашу туралы тапсырма берді.

Аталмыш шараны екі елдің Мемлекет басшылары да онлдайн режимінде тамашалады.

Шекараны ашу рәсіміне Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен  Қырғызстанның Үкімет басшысы Темір Сариев қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғзстанның ЕАЭО-қа қосылуы жөніндегі келісімге 2014 жылдың желтоқсанында Мәскеуде өткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде қол қойылған болатын. Бүгінде Қырғызстан ұйымның толыққанды мүшесі болып отыр, деп хабарлайды kabarlar.org  агенттігі.  

Хабарламаларға жазылу