Астанадағы «Пирамиданы» тамашалауға күніне 300-ге жуық турист барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Пирамиданы» тамашалауға күніне 300-ге жуық турист барады

12.08.2015
Астанадағы «Пирамиданы» тамашалауға күніне  300-ге жуық турист барады

Мамыр мен қазан айлары аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы тұрғындар мен қала қонақтары үшін арнайы экскурсиялар өткізеді.

Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сағат 10:00-20:00 аралығында ұйымдастырылады. Халық арасында «пирамида» атанып кеткен ғимараттың сәулеті және тарихымен танысуға күн сайын 300 жуық турист келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Аталмыш экскурсия кезінде біз қонақтарға екі конференция залы мен опера залын көрсетеміз. Опера залы 1300 орынға лайықталған. Оның бірегейлігі деп күн сүгіретінде, 32 сәуле шашыратып тұрған терезесін айтуға болады. Қажет жағдайда, жаз маусымында бұл терезе ашылып, опера залына күн сәулесі түсіп тұрады. 

Бұл залда Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстары жиі өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайы түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің жиі шоғырланатын жері. Сарайда көптеген этномәдени орталықтар өз жұмыстарын жүргізуде» ,дейді экскурсовод Динара Сәрсенбаева.

Хабарламаларға жазылу