«Бордо» - «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бордо» - «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

11.08.2015
«Бордо» - «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.

Ал, екінші матч Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те өтеді.

Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

Хабарламаларға жазылу