Елбасы «Қазақфильм» киноөндіріс алаңында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Қазақфильм» киноөндіріс алаңында болды

11.08.2015
Елбасы «Қазақфильм» киноөндіріс алаңында болды

Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, «Қазақ Елі» сериалының түсірілім алаңын көріп, шығармашылық топпен әңгімелесті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның пайда болуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы «Так сложились звезды» деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаңда болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақфильм» -  республикамыздың жаңғыртудан кейін сапалы киноөнімдер шығару мүмкіндіктері арта түскен басты киноөндіріс алаңы.  

 

Хабарламаларға жазылу