Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала активіне инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар құру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды көтеру, Универсиадаға салынып жатқан құрылыс нысандарының уақытында аяқталуы мен көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында нақты шаралар қабылдану қажеттігін айтты.
Бауыржан Байбек сонымен қатар, туризмді одан әрі қарай дамыту мақсатында қаланың қылмыстық ахуалын жақсарту маңыздылығына тоқталды. Қабылданған салықтық санкциялар міндеттемесін орындай отырып, қаладағы әуе бассейнінің жағдайын жақсарту қажеттігін атап өтті.
Қала басшысы кейбір көшелер бойынша автокөліктердің ақылы жүру жүйесін енгізу бойынша мәселелерді қайта қарастыруды, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалау, салықтың болжамды көрсеткіштері мен басқа да міндетті төлемдердің уақытында орындалуы бойынша нақты шаралардың қабылдануын тапсырды.