Ұстаздардың тамыз кеңесі жаңа білім беру бағдарламалары мен инновацияларға арналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздардың тамыз кеңесі жаңа білім беру бағдарламалары мен инновацияларға арналады

11.08.2015
Ұстаздардың тамыз кеңесі жаңа білім беру бағдарламалары мен инновацияларға арналады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 16-17 тамыз күндері Сүлейман Демирель университеті (Алматы облысы, Қаскелен қ.) базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтары үшін «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадам»  тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесін өткізеді.

Педагогикалық кеңестің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыру, дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жаңарту үшін жағдай жасау  бағыттарын анықтау, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінң баспасөз қызметі.

Тамыз кеңесінің жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталықтарының өкілдері шақырылады.

Бағдарламада пленарлық отырыс, панельді сессия жұмыстары, инновациялық идеялар панорамасы тамыз кеңесінің материалдар жинағын шығару, сонымен қатар «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау қарастырылған

Хабарламаларға жазылу