Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталды (ТІЗІМ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталды (ТІЗІМ)

11.08.2015
Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталды (ТІЗІМ)

Бүгін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Осылайша, комиссия 2015-2016 оқу жылына бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады.

Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды. Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант - түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуығы - педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.

Еске сала кетейік,  биылғы жылы білім гранттарын алуға 67 377 түлек қатысты. 

Тізімді мына жерден жүктей аласыздар

Хабарламаларға жазылу