Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының мәліметтерінше, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық жұмыстарға 54,4 мың азамат қатысқан, оның 60 пайызы ауылдық жердің тұрғындары.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, қатысушылардың саны 1 мың 42-ге артық. Қоғамдық жұмыстарға азаматтарда ең көп тартқан Оңтүстік Қазақстан облысы – 5,2 мың адамды, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 4,7 мың, 4,5 мың және 4,4 мың адамды құрап отыр.
Қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардың 33 пайызы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала, ауылдық елді-мекендер аумағын тазалауға көмектесті. 27 пайызы аймақтарды экологиялық сауықтыру шараларына қатысты. Өзгелері құрылыс және ауылшаруашылық жұмыстарына, автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану істеріне жұмылдырылды.