Адам жеп қойған аюларды мәңгі ұйқыға жіберетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам жеп қойған аюларды мәңгі ұйқыға жіберетін болды

10.08.2015
Адам жеп қойған аюларды мәңгі ұйқыға жіберетін болды

Ер адам жұмысқа шыққан соң, оны таба алмаған әріптестері іздестіре бастайды. Қызметкердің мүрдесі Йеллоустон өзенінің маңынан, Элефант-Бэк-Луп-Трейл аймағынан табылды. Мүрденің біраз  жерін аңның  жұлымдап тастағаны көрініп тұр.

Әзірге арнайы тексеру, іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға бойынша нақты шешім шығарылған жоқ, дүйсенбі күні сот -медициналық сараптама жүргізіледі. Мерт болған қызметкердің денесінен аңның салуы мүмкін жарақат іздері байқалған. Оны көргендер жарақаттың аңнан қорғану әрекетінің салдарынан болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.   

Мүрденің жанынан табылған іздер оның жанында гризли аюының үлкен аналығы мен оның баласы болғандығын көрсетіп тұр. Олар мерт болған азаматтың өліміне себепкер болуы мүмкін деген болжам бар.   

Хабарламаларға жазылу