Қырғыз Республикасының Кедендік Одаққа кіруі жөніндегі келіссөз күшіне енді, алайда жаңаша тәртіппен жұмысты кеден құрылымдары тек шекараның ресми ашылуынан соң бастайды. Бұл шара алдағы аптада өтеді деп жоспарлануда.
Қазақстан Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа мүшелігі жөніндегі келісімді ратификациялаған соң, қырғыстандықтардың Тәжікстан, Өзбекстан, және Қытай елдерімен Еуразиялық Экономикалық Одақтың сыртқы шектері болып қалды.
Алайда, бірыңғай тарифтерді қырғызстандық кеден қызметкерлері бірден алмайды. Алдымен, Қазақстанмен арадағы ішкі шекара ресми түрде ашылады, содан соң тексеруші органдар кедендік рәсімдеудің ақпараттық жүйесін енгізеді. Шекарашылардың ішкі жұмыстары бойынша ештеңе өзгермейді деуге болады. Бұл ретте олардың басты міндеттері бұрынғысынша, мемлекеттік шекараны қорғау мен құжат-визалық бақылау болып қала береді.
Олар сонымен қатар, қару-жарақ, есірткі, уландыратын, зиянды заттардың заңсыз тасымалының алдын алу үшін көліктерді тексеруден өткізеді. Бұған қоса, шекарашыларға тауарлар мен жүктерді тасымалдау бойынша тіркеу жұмыстарын мойындарына алады, ол үшін салық инпекциясына арнайы есеп бланкілерін жинап жіберіп отырады.
Қырғызстанның ішкі шекараларында 8 кедендік бекет жойылады, олардың жетеуі жол көлік бекеті болса, біреуі темір жол бекеті. Барлық қызмет көрсетушілер жаңа шарттар бойынша жұмыс істеу үшін сыртқы шепке шығарылады. Мамандардың көпшілігі Ресейде қайта дайындықтан өткен.