Чехия Praga маркалы көліктерін қайта шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехия Praga маркалы көліктерін қайта шығармақ

10.08.2015
Чехия Praga маркалы көліктерін қайта  шығармақ

«Тадеш Марек» компаниясының өкілі көліктің суреті осы айдың соңында көрсетіленітін айтты, ал автомобильдің көрсетілімі жарты жылдан соң болады. 

Ал, «Praga Cars» компаниясы өкілдерінің айтуынша, көліктің қуаты 550 аттың күшімен өлшенеді.  Бұл Ferrari Enzo көлігінен қуаттырақ және Bugatti Veyron көлігінің қуатымен бірдей.

Жаңа Praga компанияның соңғы жылдары айналысқан үлгілерінің негізінде құрастырылады.

Айта кетейік, Praga жеңіл көліктерін шығаруды 1908 жылы бастаған болатын. Алайда, бұл өндіріс соғыстан соң, яғни 1947 жылы тоқтатылды.  Әуелден-ақ компания  италиялық  Isotta Fraschini мен франциялық Charon и Renault компанияларының лицензиялары арқылы көлік шығарып келген. 

II Дүниежүзілік соғыстан соң кәсіпорын өкілдері  жүк көліктерін шығаруға көшті.

Хабарламаларға жазылу