Қазақстанда «Hyundai» автокөлігінің тағы 4 түрі құрастырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Hyundai» автокөлігінің тағы 4 түрі құрастырылмақ

08.08.2015
Қазақстанда «Hyundai» автокөлігінің тағы 4 түрі құрастырылмақ

Қазіргі ақпаратқа сәйкес, «Sonata», «Grandeur», «Genesis» седандары мен «Santa Fe» кроссоверлері 2015 жылдың тамызынан бастап шығарылады. Негізі автокөліктердің алғашқы партиясы маусым айында жасалған, олар қазір сертификациядан өтуде.

Осылайша олар «Агромашта» осы уақытқа дейін жиналған «Tucson», «i30» мен «Elantra» модельдерінің қатарына қосылады.

«Hyundai» дилерлік орталықтарының бірі көліктердің бағасы арзандатылғанын айтады. Яғни, «Sonata» автокөлігінің базалық комплектациясы 4 700 000 теңге тұрмақ. Ал, «Grandeur» 6 000 000, «Genesis» 8 200 000, «Santa Fe» 5 400 000 теңгеден сатылады.

«Агромаш» зауыты жылына 3500 «Hyundai» автокөлігін құрастыруды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу