6 тамыз – Ямайка мемлекетінің тәуелсіздік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 тамыз – Ямайка мемлекетінің тәуелсіздік күні

06.08.2015
6 тамыз – Ямайка мемлекетінің тәуелсіздік күні

Ямайка – атауы үндістің «Хамайка» – бұлақтар аралы деген сөзінен шыққан. 1509 жылдан Испанияның отарлауы нәтижесінде үндістер жаппай қырғынға ұшыратылады.

1670 жылы Мадрид шарты бойынша Испания Ямайканы Англияның билігіне берді. 

Испандықтарды англиялық эскадро аралдан қуып шығу нәтижесінде Ямайка ресми түрде қарақшылар аралына айналған.

1958 жылы Ямайка Англияның Кариб теңізіндегі аралы құрамына кіреді.

Алайда, Ямайка халқы 1961 жылы Ұлыбританиядан бөлініп шығу туралы референдумда дауыс берген.

Нәтижесінде 1962 жылдың 6 тамызында Ямайка мемлекетінің тәуелсіздігі ресми түрде жарияланып, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Ел тәуелсіздігін тұрғындар мерекелік шаралар мен байқаулар өткізу арқылы  тойлайды.

Хабарламаларға жазылу