7 тамыз - әнші София Ротарудың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 тамыз - әнші София Ротарудың туған күні

06.08.2015
7 тамыз - әнші София Ротарудың туған күні

София Ротару 1947 жылдың 7 тамызында Украинаның Черновицк облысы, Маршинцы ауылында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың екіншісі.  

1 сыныптан бастап мектеп хорында ән айтып, драма үйірмесіне қатыса бастайды. 1968 жылы музыкалық училищені, 1974 жылы Музыческу атындағы Кишинев өнер институтын тәмамдаған.

Әншінің өнер жолындағы алғашқы жеңісі 1962 жылы аудандық көркемөнер байқауынан басталады. 1963 жылы облыстық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталып, 1964 жылы республикалық фестивальде І орын иеленеді.

Әнші сондай-ақ, тыңдармандарына музыкалық телефильмдер мен тележобалар арқылы танылды. 1971 жылы режиссер Роман Алексеевтің «Червона рута» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Осыдан кейінт «Червона рута» атты өзінің ансамблі дүниеге келді.

Сондай-ақ, әнші 1973 жылы Болгарияда өткен «Алтын Орфей» байқауында Евгений Доганың «Мой город» және болгар тіліндегі «Птица» әнімен байқау жүлдесін иеленеді. Осы жылы оған Украинаның Еңбек сіңірген әртісі атағы беріледі.

София Ротарудың орындауындағы «Верни мне музыку», «А музыка звучит», «Аист на крыше», «В доме моём», «Танец на Барабане», «Melancolie», «Счастья тебе, земля моя», «Лаванда», «Луна, луна» және тағы да басқа бірқатар әндер «Песня года» телевизиялық фестивалінде тұрақты түрде жүлдеге ие болып отырды.

София Ротару - «XX ғасыр адамы», «XX ғасырдағы Украинаның үздік эстрада әншісі», «Украинаның алтын дауысы» атақтарының иегері.  «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған.  

Әншінің репертуарында 400-ден астам ән бар.  

Хабарламаларға жазылу