6 тамыз - World Wide Web алғашқы интернет-сервері қолданысқа енгізілген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 тамыз - World Wide Web алғашқы интернет-сервері қолданысқа енгізілген күн

06.08.2015
6 тамыз - World Wide Web алғашқы интернет-сервері қолданысқа енгізілген күн

6 тамыз - ғаламтор қолданушылары үшін маңызды әрі айрықша мәнге ие. 1991 жылы дәл осы күні алғашқы интернет-сервер WWW пайда болды.

Алайда, World Wide Web жобасы сәл ертеректе қолданысқа енді.

1989 жылы ядролық зерттеулер бойынша Еуропа зертханасында қызмет атқаратын ұлыбританиялық ғалым Тим Бернерс-Ли дүниежүзілік компьютерлік желі құру идеясы мен оны жүзеге асыру туралы ұсынысын жариялады.

Ал, жобаны толық жетілдіру тек бір жыл өткен соң, Тим Бернерс-Лидің NeXT компьютеріне (ол интернет-сервер, браузер қызметін атқарған) қолы жеткенде ғана мүмкін болды.

1991 жылы жоба соңына дейін жасалып, CS (Сербия мен Черногорияның жоғары деңгейлі ұлттық домені) комитетіне таныстырылды.

Осылайша, 1991 жылдың 6 тамызында ғаламтор парақтары үшін WWW (World Wide Web) стандарты бекітілді. 

Хабарламаларға жазылу