«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды

05.08.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Келін» үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде телетуындының қорытынды бөлімі  көрсетілді.

Мың жарымға тарта бөлімі бар «Келін» телехикаясы мыңдаған көрерменнің көңілін баураған еді.  2014 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  арнайы шақыруымен Астанаға «Келіндегі» басты кейіпкер Анандидің бала кезін сомдаған  актриса Авика Гор, биыл елімізге туындыда Шивтің рөліндегі актер – Сиддхарт Шукла келді.  

Ал, «Келіннің» орнына бүгін «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ. Фильм отбасылық құндылықтарды насихаттайды.

2012 жылы Филиппинде көрсетіле бастаған телехикаяның рейтингі өте жоғары болған.  Туынды азиялық фестивальдер мен конкурстарда оннан аса марапатқа ие болған.

Хабарламаларға жазылу