Қазақстан әйелдері EXPO-2017 идеяларын ілгерілетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әйелдері EXPO-2017 идеяларын ілгерілетуге дайын

04.08.2015
Қазақстан әйелдері EXPO-2017 идеяларын ілгерілетуге дайын

Бүгін Астанада еліміздегі белсенді әйелдердің бастамасымен құрылған «Халықаралық «EXPO&WOMEN» ұйымы» Заңды тұлғалар бірлестігінің алғашқы отырысы өтті.

Отырыста ұйымға мүше болу, Астана мен Миланда өтетін іс-шаралар, және Қазақстан мен басқа мемлекеттердегі өкілдіктер туралы сұрақтар талқыланды.

Ұйым президенті Салтанат Рақымбекованың  айтуынша, «EXPO&WOMEN»-ның негізгі міндеті – мемлекеттік органдар, мемлекеттің даму институттары, бизнес және әйелдер ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, диалог орнату.

Бүгінде ұйым бірнеше әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Солардың ішінде тауар өндірушілерге арналған «Халық маркасы-2015» ұлттық конкурсы, EXPO scheber, International Trade Programm, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын Design & Art жобасы және т.б. бар.

Хабарламаларға жазылу