2015 жылы Есіл өзенінің арнасын қайта құру жұмыстары басталмақ

02.08.2015
2015 жылы Есіл өзенінің арнасын қайта құру жұмыстары басталмақ

Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы хабарлағандай, Астана қаласын су тасқыны зардабынан сақтау үшін Есіл өзенінің саласын қайта құру бойынша ағымдағы жылы 18 нысанды жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Олардың ішінде 2015 жылы өзен саласын қайта құрудың 5-ші кезегінің 4 нысанын жобалауды бастау жоспарланып отыр, соның ішінде Су реттеуші бөгет жобасы. 2016 жылы 14 нысанның құрылысын бастау жоспарланса, 2017-2018 жылдары Есіл өзенінің саласын қайта құру бойынша тағы 4 нысанды салу жоспарлануда.

5 кезектің 5-ші бөлігі жобасының құрамында  қала тұрғындары мен қонақтарына арналған суға түсу аймағы орналасады, сонымен қатар, қажетті инфрақұрылымы бар жағалау құрылысы көзделіп отыр.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат Астана қаласын Есіл өзенінің көктемгі тасқынынан қорғау мен абаттандырылған жағалау жасау. Кешенді шараларды атқару арқылы экологиялық мәселелер де өз шешімін табады.

Хабарламаларға жазылу