
«Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тағы Висконти университетінде энергетика саласы бойынша білім алып жатқан Мамырхан Қасымов құнарлылығы жоғары тағам өсірудің ерекше тәсілін қолданысқа енгізбек.
Ол ұсынған тәсіл бойынша өсірілген өнімнің дәрумендік құнарлылығы дәстүрлі жолмен өсірілетін өнімнен 40 пайыз жоғары.
Жобаның ерекшелігіне тоқталған жас маман: «Оқу барысында көптеген конференцияларға қатысып, мықты мамандарды кездестірдім.
Негізі бұл жоба осыдан 5 жыл бұрын Лос-Анджелесте басталған. Жергілікті мейрамханаларының бас аспаздары халыққа ас ұсынған кезде ыдыстарды көріктендіргісі келеді.
«Қалалық агро-мәдениет» деп аталатын жоба бойынша күнбағыстың, аскөктің өскіндері. Күнделікті қолданылатын тағамдарға қарағанда, бұл өсімдіктердің дәрумендік құнарлылығы 40 пайыз жоғары.
Мұнда С, E дәрумендері бар. Өсу мерзімі – 7-10 күн. Сол 7 күннің тек 3 күніне ғана күн сәулесі қажет, қалған күндері қараңғыда тұра береді. Бір ұтымдысы, өсімдіктерді бір-бірінің үстіне өсіре беруге болады»,-дейді.
«Мұндай өсімдіктер көбіне қалада өсіріледі. Ауылда да өсіруге болады. Бірақ, қалаға әкеліп сату, жол шығыны деген сияқты шаруасы көп. Сол себепті, қалалық жер қолайлы. Инновациясы – топырағында және өсіру тәсілінде».
«Мақсат – бұл тәсілді халыққа үйрету, таза табиғи, дәрумені көп тағам ұсыну. Себебі, бұл өнім адамға қуат береді».
