«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

28.07.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

Кездесу 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан күні) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Канадалық боксшы Давид Лемье осыған дейін 36 кездесу өткізіп, оның 34 жеңіске жетсе, 31 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ол соңғы кездесуін биыл 20 маусымда француз боксшысы Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін биыл 17 мамыр күні америкалық кіші Вилли-Монромен өткізіп, 6-раундта нокаутпен ұтқан. Бұл кездесуді де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу