«Madison Square Garden» спорт кешені туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Madison Square Garden» спорт кешені туралы не білеміз?

28.07.2015
«Madison Square Garden» спорт кешені туралы не білеміз?

Аренада бірнеше спорт түрлерінен (халықаралық жарыс және хоккей мен баскетбол) ойындар өтеді. Кешен XIX ғасыр аяғында қазіргі Нью Йорктің Мэдисон Сквер көшесінің солтүстік-шығысында салынып, АҚШ-тың төртінші президенті Джеймс Мэдисон құрметіне атау берілген.

«Мэдисон Сквер Гарден»  құрылғалы бері  үш рет жөндеуден өткен (1890, 1925, 1968 ж.ж). Жыл сайын аренада шамамен 320 түрлі іс-шаралар өтеді. «Мэдисон Сквер Гарден» — «Нью-Йорк Рейнджерс» хоккей (НХЛ), «Нью-Йорк Никс» баскетбол (НБА), «Нью-Йорк Либерти» (WNBA) командаларының аренасы. Аренада 1994 жылы НХЛ (хоккей) жұлдыздарының, 1998 жылы НБА (баскетбол) жұлдыздарының барлық матчтары өткен.

«Мэдисон Сквер Гарден» аренасында кәсіпқой боксшылардың Әлем Чемпионы үшін титулды жекпе-жектері өтеді. Бұл аренада аты аңызға айналған Мұхаммед Али, Джо Фрейзер, Майк Тайсон, Рой Джонс секілді боксшылар жұдырықтасқан.

Сондай-ақ, Геннадий Головкиннің екі жекпе-жегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өткен. Геннадий Головкин бірінші кездесуінде Кертис Стивенспен жұдырқтасса, аренадағы екінші жекпе-жегін Дэниэл Гилге қарсы өткізген.

Хабарламаларға жазылу